ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2020 | 12:34
Ұлттық қорда 27 триллион теңге бар - министр
Жыл сайын Қазақстан Ұлттық қорынан 2,7 триллион теңге аударылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл сайын Қазақстан Ұлттық қорынан 2,7 триллион теңге аударылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер министрден Ұлттық қордағы қаражат қанша жылға жететінін сұрады.
"Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Жыл сайын қордан 2,7 триллион теңге аударылады. Қазір онда 27 триллион теңге бар. Оның қанша жылға жететінін өздеріңіз түсінетін шығарсыздар", - деді Дәленов.
Еске салайық, мұның алдында министр ақшаны қай валютада сақтау керегін айтқан болатын. "Қай валютада сақтаған дұрыс? Меніңше, мұнда әркімнің стратегиясы әртүрлі. Ол әр адамның шығындарына байланысты. Шығындарыңыздың көбі теңгемен болса, онда ақшаны теңгемен сақтаған дұрыс. Ал егер басқа валютада ақша жұмсайтын болсаңыз, ақшаның белгілі бір бөлігін басқа валютада сақтаған жөн. Менің пікірім осындай", - деген еді Дәленов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также