ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2019 | 11:39
Ұлттық валюта сайлаудан кейін нығайды
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 383,01 теңгеге тең болды. Еске салайық, 7 маусымда доллар бағамы 383,28 теңге болған.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 383,2 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны - 382,95 теңге. Сауданың жалпы көлемі 182,5 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 385,5-386 аралығында.
Астана уақытымен 11.10-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,65 доллар болды.
Показать комментарии
Читайте также