10 наурыз 2020 11:30

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 393,5 теңгеге тең болды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан қор биржасының саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 393,5 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қор биржасының саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 393,5 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 6 наурыздағы саудада ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 382,22 теңге болған еді.

Реклама
Реклама

Мұның алдында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдегі мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірген еді.

Оның айтуынша, 6 наурызда ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәмілеге келе алмаған.

"Ресей мұнайды өндіру мен төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы 8 наурызда әлемнің барлық өңірі үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне ағымдағы 9,7 миллион баррельден 12 миллион баррельге дейін ұлғайтуға дайын екені туралы шешімін хабарлады", - дейді Досаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram