Ұлттық валюта әлсірей түсті

© REUTERS/Shamil Zhumatov

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? 10 ?азанда?ы к?ндізгі саудасында долларына 332,35 те?геге те? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа м?ліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайы?, 10 ?азанда?ы та??ы сауданы? ?орытындысында ?лтты? валютаны? орташа ба?амы 331,97 те?геге те? еді.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 10 қазандағы күндізгі саудасында долларына 332,35 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, 10 қазандағы таңғы сауданың қорытындысында ұлттық валютаның орташа бағамы 331,97 теңгеге тең еді.

Минималдық құны - 332,24 теңге. Максималдық құны 332,92 теңгеге жетті. Сауда көлемі 30,1 миллион долларға тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 15.39 жағдайында ICE биржасының мәліметінше, Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 51,77 доллар болды. 

Айта кетейік, осыған дейін теңге әлі де әлсіреуі мүмкін екені айтылған еді. "BRB Invest" ЖШС директоры Ғалым Құсайыновтың пікірінше, теңгенің осылайша әлсіреуіне мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп отыр. Оның айтуынша, мұнай бағасы бір аптадан бері түсіп кетті. Сондықтан ол теңгенің әлсіреуіне қатты әсерін тигізуде. Ал экономист Тимур Әбілқасымовтың айтуынша, ұлттық валютаның әлсіреуіне рубль бағамы мен мұнай бағасының төмендеуі ықпал етіп отыр

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама