Ұлттық валюта апта басында әлсіреді

Ұлттық валюта апта басында әлсіреді

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 364,62 теңгеге тең болды. Еске салайық, 29 тамызда доллар бағамы 363,32 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 363,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 364,92 теңге. Сауданың жалпы көлемі 20,2 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 364,5-365,7 аралығында.

Жарнама
Жарнама

Астана уақытымен 10.45-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 77,41 доллар болды.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама