Ұлттық валюта бағамы долларына 341 теңгеге жуықтады

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? 5 ?ырк?йектегі та??ы саудасында 340,80 те?геге те? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайы?, 4 ?ырк?йектегі к?ндізгі сессияда доллар ба?амы 338,94 те?ге бол?ан еді.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 5 қыркүйектегі таңғы саудасында 340,80 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 4 қыркүйектегі күндізгі сессияда доллар бағамы 338,94 теңге болған еді.

5 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 339,01 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны 340,98 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 160,25 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 340,8-342 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Реклама
Реклама

Астана уақытымен сағат 11.05-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,20 доллар болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама