Ұлттық валюта бағамы долларына 360 теңгеге тең болды

Ұлттық валюта бағамы долларына 360 теңгеге тең болды

KASE қор биржасының 16 тамыздағы күндізгі саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 360,59 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күндізгі саудадағы бірінші келісімі 360,45 теңгемен өтті. Минималдық құны 360,20 теңге болды, ал максималдық құны - 361 теңге. Сауда көлемі 56 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, доллар 360,8-361,1 теңге аралығында сатылып жатыр. Сондай-ақ, долларды 361,8-362,3 теңгеге сатып алуға болатыны айтылады. Астана уақыты бойынша сағат 15.50-де Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 70,94 доллар болды. 

Жарнама
Жарнама

 

 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама