Ұлттық валюта нығайды

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? та??ы саудасында 317,99 те?геге те? болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайы?, 15 наурызда?ы к?ндізгі саудада доллар ба?амы 319,02 те?ге бол?ан еді.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 317,99 теңгеге тең болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 15 наурыздағы күндізгі саудада доллар бағамы 319,02 теңге болған еді.

16 наурыздағы таңғы сауданың бірінші келісімі 318 теңгемен өтті. Максималдық құны - 318,5 теңге болды, ал минималдық құны - 317,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 105,1 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 317-317,7 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 10.59-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,13 доллар болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама