Ұлттық валюта нығайып, тағы рекорд жаңартты

Ұлттық валюта нығайып, тағы рекорд жаңартты © Tengrinews.kz

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? та??ы саудасында айтарлы?тай ны?айды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?лтты? валютаны? доллар?а ша??анда?ы ба?амы 310,08 те?геге те? болды. Еске салайы?, 26 мамырда доллар ба?амы 311,44 те?ге бол?ан. 

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310,08 теңгеге тең болды. Еске салайық, 26 мамырда доллар бағамы 311,44 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 310,2 теңгемен өтті. Максималдық құны 310,3 теңге болды, ал минималдық құны - 310 теңге. Сауданың жалпы көлемі 54,8 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, валюта айырбастау пункттерінде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310-311 аралығында.

Реклама
Реклама

Мұнай бағасы 29 мамырда Астана уақытымен 10.51-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,08 доллар болды.

Еске салайық, соңғы рет мұндай көрсеткіш 2015 жылы 10 қыркүйекте тіркелген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама