Ұлттық валюта нығайып жатыр

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? та??ы саудасында 312,64 те?геге те? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайы?, осы?ан дейінгі 3 с?уірдегі сессияда доллар ба?амы 313,49 те?геге бол?ан еді.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 312,64 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі 3 сәуірдегі сессияда доллар бағамы 313,49 теңгеге болған еді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 313,5 теңгемен өтті және осы ең максималдық құны болды. Ал минималдық құны - 312,54 теңге. Сауданың жалпы көлемі 41,45 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 311-312,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Реклама
Реклама

Мұнай бағасы 4 сәуірде Астана уақытымен сағат 11.00-де барреліне 53,12 доллар болды.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама