Ұлттық валюта тағы да нығайды

23 а?панда ?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? та??ы саудасында айтарлы?тай ны?айды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?лтты? валютаны? доллар?а ша??анда?ы ба?амы 312,84 те?геге те? болды. Еске салайы?, 22 а?панда доллар ба?амы 314,82 те?ге бол?ан. 

23 ақпанда ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,84 теңгеге тең болды. Еске салайық, 22 ақпанда доллар бағамы 314,82 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 314 теңгемен өтті және осы ең максималдық құны болды, ал минималдық құны - 312,6 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 98,3 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310-312,5 аралығында.

Реклама
Реклама

Мұнай бағасы 23 ақпанда Астана уақытымен 10.52-де сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 56,3 доллар болды.

Еске салайық, Ұлттық банк өкілдері доллардың неге әлсірегенін түсіндірген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама