Венесуэла мұнай бағасын юаньмен белгіледі - БАҚ

© Tengrinews.kz. Фото: pixabay.com

Венесуэла ?кіметі ?ытайлы? Жэньминь Жибао газетінде м?най ба?асын юаньмен жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Венесуэла үкіметі қытайлық Жэньминь Жибао газетінде мұнай бағасын юаньмен жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каракас бұл қадамымен халықаралық рингтегі америкалық доллардың басымдығына келіспейтінін жеткізген. Венесуэланың мұнай және кен өндірісі министрлігінің хабарламасында мұнай бағасы "орташа есеппен 2,55 юаньа өсіп, барреліне 206,26 қытайлық юаньға тең болғаны айтылады (барреліне 48,45 доллар), бұл шамамен 4 пайыз. "

Бағаның сәл өсуі, министрлік өкілдерінің айтуынша, "мұнайға деген сұраныстың арту белгілеріне және OPEC және өзге де мұнай өндірушілермен келісімшарттың ұзару әлеуеті перспективаларына байланысты".

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, хабарламада бағаның юаньмен көрсетілуі "еліміздің доллардан тәуелділігін айыра түсуға" бағытталған. 

Ал қыркүйекте Венесуэла президенті Николас Мадуро халықаралық транзакцияда базалық валюта ретінде қолданылып жүрген АҚШ долларынан бас тартып, еуро, юань, рубль және рупиге өтуді ұсынған еді. 

"Венесуэла халықаралық төлемдердің жаңа жүйесін енгізіп, доллардан құтылу үшін жаңа себеп жасауға ниетті", - деген еді Мадуро.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама