Жанар-жағармай бағасы қымбаттады

Жанар-жағармай бағасы қымбаттады Фото © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған қатысты ақпарат бүгін Ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланды.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, бұдан былай мұнай өнімдеріне шектік бағалар қосылған құн салығы (ҚҚС) есебімен жанар-жағармай бағасы мына мөлшерде белгіленді: 

Реклама
Реклама

Дизель отыны - 1 литр үшін 115 теңгені, Аи-80 - 1 литр үшін 89 теңгені, Аи-92/93 - 1 литр үшін 128 теңгені құрайтын болды.

Айта кету керек, бүгін ғана "ҚазМұнайГаз" қайта өңдеу және маркетинг" АҚ басшылығы жанармай бағасын 10-15 пайызға көтеру қажет деген болатын.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама