Иранда Ормуз бұғазын басқарудан түсетін табыс бағаланды

Иранда Ормуз бұғазын басқарудан түсетін табыс бағаланды Фото:depositphotos.com

Иран парламенті Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын бақылау, басқару және реттеуден түсетін жылдық табысты 10–15 миллиард долларға бағалады. Бұл туралы ел парламентінің мүшесі мәлімдеді. Оның сөзін ирандық ISNA телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иран парламенті президиумының мүшесі Ормуз бұғазындағы Иран егемендігін нығайту ұлттық валюта риалды нығайтуға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Басылымның жазуынша, бұл ретте Тегеран "кедергі келтіріп, бопсалаумен айналысуды" емес, бұғаздағы реттеуші болуды көздейді.

Реклама
Реклама

Егер кемелердің өтуі үшін ақы алынатын болса, Иранның Ормуз бұғазын бақылаудан түсетін әлеуетті табысы өте жоғары деп бағаланып отыр.

Ирандық БАҚ болжамынша, егер бұғаз арқылы жыл сайын өтетін шамамен 32 мың кеменің әрқайсынан екі миллион доллар көлемінде ақы алынса, Тегеран жылына 64 миллиард долларға жуық табыс таба алады.

Ормуз бұғазын АҚШ пен Израильдің әскери операциясы басталғаннан кейін Иран бұғаттаған болатын. 8 сәуірге қараған түні Иран мен АҚШ екі аптаға оқ атуды тоқтату туралы жариялады. 11 сәуірде Пәкістанда тараптар арасында келіссөздер өтіп, олар сәтсіз аяқталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама