"Ислам мемлекеті" содырлары Сирияның 160 сарбазын өлтірді

Содырлар. ©REUTERS

"Ислам мемлекеті" радикал сүнниттер тобының содырлары Сирия әскерінің 160-тан астам жауынгерін өлтірді, - деп хабарлайды "Интерфакс" Сириядағы адам құқықтары жөніндегі бақылаушы кеңеске сілтеме жасап.

"Ислам мемлекеті" Сирияның 160-тан астам әскериін Ракка аймағының үш жерінде таяуда және бүгін өлтірген", - деп мәлімдеді кеңес басшысы Абдель Рахман. 

Оның мәліметінше, исламистер Сирия әскерінің елдің солтүстігіндегі Табак қаласында орналасқан базасын басып алғаннан кейін ол жерден қашпақ болған сарбаздарды қырып салған.  

Реклама
Реклама

Жуырда БҰҰ-ның тергеулер жөніндегі комиссиясы исламист содырлардың Сирияның бейбіт тұрғындарын жұрт алдында жиі өлтіретінін, қамшымен сабайтынын және дене мүшелерін кесетінін мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама