2 триллион теңгеге ондаған инвестициялық жоба: Тоқаев Алатаудың даму барысымен танысты

2 триллион теңгеге ондаған инвестициялық жоба: Тоқаев Алатаудың даму барысымен танысты Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген.

Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған. Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.

Жарнама
Жарнама

"Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда "жайлы мектеп" бой көтеріп, "Маревен Фуд", "КНАУФ", Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады", - делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. "Исткомтранс" және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.

Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.

Алатау ерекше мәртебеге ие болды: Тоқаев заңға қол қойды

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 8 мамырында "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Конституциялық заңға қол қойды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Алатаудың қарқынды әрі орнықты дамуы үшін жағдай жасау.

Қаланың ерекше құқықтық мәртебесіне сай инновациялар, инвестициялар және экономикалық өсім үшін қолайлы орта құруға бағытталған дербес экожүйені қалыптастыруды көздейтін түбегейлі жаңа тәсілдер қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама