2025 жылдың күзінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Жаңа маусымға екі аптадан аса уақыт қалды. Tengrinews.kz тілшісі биылғы күз қазақстандықтардың қанша күн демалатындарын есептеді.

Жаңа маусымға екі аптадан аса уақыт қалды. Tengrinews.kz тілшісі биылғы күз қазақстандықтардың қанша күн демалатындарын есептеді.

Қыркүйек

2025 жылы стандартты жұмыс кестесімен (5/2) еңбек ететіндер Конституция күніне орай үш күндік демалыс өткізе алады. Мереке 30 тамызда аталып өтеді, ал бұл күн сенбіге түсетіндіктен, "Мерекелер туралы" заңға сәйкес демалыс дүйсенбіге – 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Реклама
Реклама

Демалыс күндерінің кестесі мынадай болады:

30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін де Конституция күні қосымша демалыс әкеледі. 30 тамыз, сенбі, мерекелік демалыс күні болады. Осылайша, олар екі күн қатарынан – 30 және 31 тамызда демалады, ал 1 қыркүйек, дүйсенбі, жұмыс күні болады.

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін қыркүйекте:

Барлығы 9 демалыс күні: әдеттегі сенбі мен жексенбі (8 күн) және 1 қыркүйектегі ауыстырылған демалыс (30 тамыздан). Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін қыркүйекте:

Демалыс тек жексенбі күндері:

7 қыркүйек
14 қыркүйек
21 қыркүйек
28 қыркүйек

Жалпы: 4 демалыс күні.

Қазан

Бес күндік жұмыс аптасы: 25 қазан (сенбі) – Республика күні. Мереке сенбіге түскендіктен, демалыс 27 қазанға (дүйсенбі) ауыстырылады. Осылайша, бес күндік кестедегілер үшін 25, 26 және 27 қазан – үш күн қатарынан демалыс болады.

2025 жылдың қазанында бес күндік жұмыс істейтіндерде 9 демалыс күні болады: айдағы барлық сенбі-жексенбі және 27 қазан (Республика күнінен ауысқан).

Алты күндік жұмыс аптасы:

25 қазан (сенбі) – мерекелік демалыс, 26 қазан (жексенбі) – әдеттегі демалыс, ал 27 қазан (дүйсенбі) – жұмыс күні. Жалпы: 5 демалыс күні (барлық жексенбі және 25 қазан).


Қараша

Бес күндік жұмыс аптасы: 2025 жылдың қарашасында 10 демалыс күні болады: айдағы барлық сенбі мен жексенбі, қосымша мерекелік не ауыстырылған күндер жоқ.

Алты күндік жұмыс аптасы: Тек жексенбі күндері демалады, жалпы саны 5 күн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама