2025 жылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру грантының иегерлері тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру грантының иегерлері тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТІЗІМДЕРДІ ОСЫ ЖЕРДЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ

Грант тағайындау туралы шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім саласындағы кәсіподақтар, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде шамамен 113 мың талапкер білім беру грантына қатысу үшін өтініш бергенін мәлімдеген болатын. Ең жоғары сұранысқа ие бағыттар:

Педагогикалық ғылымдар
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


2025 жылы бакалавриат деңгейінде оқуға 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның ішінде ең көп грант инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінген.

Қазақстанда стипендия көлемі артады: студенттер қанша алады?

Анықтама: Қазақстандық ЖОО-ларға ақылы бөлімге құжат тапсыру мерзімі – 25 тамызға дейін.


Грант иегерлерінің арасындағы танымал есімдер

Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректеріне сүйенсек, грант иегерлерінің қатарында 38 мыңнан астам қыз және 36 мыңнан астам ұл бала бар.

Қыздар арасындағы ең танымал есімдер:

Аружан – 1 243
Аяулым – 781
Нұрай – 545
Арайлым – 485
Диана – 474
Ұл балалар арасында жиі кездесетін есімдер:

Ерасыл – 753
Диас – 510
Мирас – 389
Азамат – 373
Рамазан – 359

Абай есімімен байланысты қызықты дерек

2025 жылы Қазақстан ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын атап өтуде. Осыған орай министрлік Абай есімімен байланысты деректерді де жариялады:

"Грант иегерлері арасында Абай есімді 48 адам бар. Сонымен қатар, ақынның шын есімі – Ибраһим 19 рет, Ибрагим нұсқасында 28 рет кездеседі. Бұл есімді иеленген жастардың басым бөлігі ақпараттық технологиялар мен инженерлік бағыттарды таңдаған", – делінген ақпаратта.


Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда "Абай" есімді 18 763 адам тұрады. Ең көп тіркелген өңірлер:

Астана – 2 089 адам
Түркістан облысы – 2 018
Алматы қаласы – 1 719

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама