24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні Лас-Вегаста 2026 жылғы UFC-дегі алғашқы турнир - UFC 324 өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы белбеуі үшін америкалық Джастин Гэтжи (26–5) мен ағылшын Пэдди Пимблетт (23–3) кездеседі. Олар дивизион рейтингінде 4-орын және 5-орында тұр.
Бұған дейін грузин текті испаниялық спортшы спорттық мансабында қысқа үзіліс жасайтынын мәлімдеген. Топурия мұны жеке өміріндегі күрделі кезеңмен түсіндірді.
28 жастағы файтер кейінгі жекпе-жегін 2025 жылғы 28 маусымда өткізген. UFC 317 турнирінде ол Чарльз Оливейраны нокаутпен жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Бұған дейін ол жартылай жеңіл салмақтағы титулын босатқан.
Гэтжи - Пимблетт жекпе-жегінің жеңімпазы жеңіл салмақтағы уақытша белбеуді иеленіп қана қоймай, сондай-ақ, чемпиондық белбеу үшін Топурияның келесі қарсыласы болады.
Қазақстанда жекпе-жекті қайдан көруге болады?
Гэтжи мен Пимблетт арасындағы жекпе-жек тікелей эфирде Setanta Sports 1 телеарнасында, сондай-ақ "Кинопоиск" сервисінде көрсетіледі. Жекпе-жек жексенбі күні Астана уақытымен 9:00-де басталады.
Бұған дейін UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс лигасында өнер көрсету үшін супер ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Александр Усикпен келісімшарт жасау жоспары бар екені хабарланған.
Сондай-ақ, UFC чемпионы Хамзат Чимаев Грозныйда Шешенстан басшысы ұлы Адам Қадыровпен бірге ЖКО-да қаза тапты деген хабарламалардан кейін алғаш рет мәлімдеме жасаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!