2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 2 миллионнан асатын тағы бір қала пайда болады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 2 миллионнан асатын тағы бір қала пайда болады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау өңірінде әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды қарқынды дамыту қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау өңірінде әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды қарқынды дамыту қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бұл салада нақты атқарылған жұмыс жоқ деп айтсақ, қателеспейміз. Ал қазіргі таңда туризм инвестициялық тартымдылықтың өте маңызды бөлігі болып саналады. Бас жоспарға сәйкес, 2050 жылға қарай қала халқының саны екі миллионнан асып кетуі мүмкін, әбден ықтимал. Мұндай өсім инженерлік желімен қатар әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіретіні анық.

Қазір Алатауда жаңа әлеуметтік нысандар өте аз. Соған қарамастан кәсіпкерлер бұл инфрақұрылымға қаржы салуға дайын. Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес және қала әкімшілігі инвестицияны қайтарудың әдіс-тәсілдері мен мерзімдері айқындалған нақты ережелер әзірлеуге тиіс. Бұл құжатта өзара жүктеме әділ бөлініп, барлық сын-қатерлер ескерілуі керек", - деді Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама