21 қазан 2023 | 11:09

21 қазанда бірнеше өңірде көктайғақ болып, тұман түседі

Фото: Freepik

Синоптиктер сенбіде, 21 қазанда бірнеше өңірдегі ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер сенбіде, 21 қазанда бірнеше өңірдегі ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Реклама
Реклама

Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде шығысында, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с.

Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная