24 қыркүйектен бастап ескі банкноттар дүкендерде қабылданбайды: нені ескеру керек?

Фото:depositphotos.com

2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар дүкендерде де, қызмет ақысын төлеуде де қабылданбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар дүкендерде де, қызмет ақысын төлеуде де қабылданбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және барлық жерде қабылдануға міндетті. Бірақ 25 қыркүйектен бастап ескі купюралармен төлем жасауға болмайды. Дегенмен олар жоғалмайды: ескі ақшаны жаңа банкноттарға ақысыз айырбастауға болады.

Ескі түрі

Реклама
Реклама

Жаңа түрі

Қазақстандағы кез келген банк бөлімшесінде және "Қазпоштада" мұндай айырбастау үш жыл бойы жүргізіледі. Ал Ұлттық банк филиалдарында ескі ақшаны кез келген уақытта, тіпті бірнеше жылдан кейін де айырбастауға мүмкіндік бар.

Былтыр Ұлттық банк ескі және жаңа банкноттардың қатар жүру мерзімін 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартқан еді. Енді бұл мерзім қайта ұзартылмайды: бұл күннен кейін 2011 жылғы 5000 теңгелік купюралар айналымнан біржола шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама