300-ден аса сим-карта тәркіленді: Алматыда ресейлік азамат ұсталды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:gov.kz

Алматыда Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматы ұсталд, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматы ұсталд, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Одан Sim-Box, қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден аса сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленген.

"Sim-Box жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын шалу, абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, биыл осындай 7 іс сотқа жолданып, оның 4-і бойынша үкім шығарылған.

"Алматы қаласының прокуратурасы тұрғындарды сақ болуға және бөгде адамдарға өздерінің банк карталарының деректерін, қол жеткізу кодтарын бермеуге шақырады. Осындай жабдықтың қолданылуы мүмкін екені туралы ақпарат болған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама