+37 градусқа дейін ыстық: синоптиктер Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

+37 градусқа дейін ыстық: синоптиктер Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады Көрнекі фото: depositphotos.com

12 және 13 шілдеде Астана мен Алматыда аптап ыстық сақталады. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды.

Жарнама
Жарнама

Алматыға арналған ауа райы болжамы

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус аптап ыстық болады.

Мұндай ауа райында дәрігерлер күн белсенділігі ең жоғары болатын сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін далаға шықпауға кеңес береді. Әсіресе қарттар, балалар, жүкті әйелдер және ашық аспан астында жұмыс істейтіндер ерекше сақтық танытқаны абзал.

Мамандар күні бойы тұрақты түрде су ішуді, табиғи матадан тігілген ашық түсті киім киюді, бас киім тастамауды және мүмкіндігінше көлеңкеде немесе кондиционері бар үй-жайларда болуды ұсынады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама