ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2020 | 16:35
"600 мың теңгеден". Министрлік жаңа төлемақы беріледі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 20 жыл уақыт еңбек өтілі бар қазақстандықтарға төлемақы беріп жатқаны жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 1991-2019 жылдары еңбек өтілі бар қазақстандықтарға 600 мың теңгеден беріп жатқаны жайлы хабарламалар фейк және олар шындыққа жанаспайды", - деді министрліктегілер.
Ведомство Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының белгілі бір жағдайларда ғана өтемақы беретінін айтады - мысалы, еңбекке қабілетті жоғалтқан жағдайда, жұмыстан шығып қалғанда немесе жүктілік кезінде не болмаса бала күтіміне ақша қажет жағдайда (1 жасқа дейінгі балаларға).
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также