Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Фото: kazsports.kz

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді.

Айта кетейік, дзюдошы қазақ қызы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан. Жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді.

Реклама
Реклама

Әбиба Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама