Адамшошырлық кадр: Lexus жүргізушісі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Видео кадры

Алматы облысындағы Көзебек ауылында жүргізуші баланы қағып кетті. Жәбірленушіге көмек көрсету орнына, көлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы Көзебек ауылында жүргізуші баланы қағып кетті. Жәбірленушіге көмек көрсету орнына, көлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 шілдеде ауыл дүкендерінің бірінің маңында болған. Lexus RX 300 жүргізушісі артқа қозғалған кезде велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен.

Видеода жүргізуші баланы сол жерде қалдырып, көмек көрсетпестен кетіп қалғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

"Қазір күдіктінің жүрген жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды", – деді Алматы облыстық полиция департаменті.

Бала ауруханаға жатқызылды.

"Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнын тастап кету дерегі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді полиция қызметкерлері.

Әлеуметтік желідегі пікірлерде көлікті жүргізген адам учаскелік инспектор болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа пікір білдірмей, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама