“Әкімдіктің тракторы“ Бағанашыл ауданындағы элиталық коттеджді сүріп жатыр

Айжан Калиева Корреспондент
Алматы әкімдігі

Алматыда ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, Ерменсай шағынауданындағы (Бағанашыл ауданы) Жәңгір хан көшесі, 46 мекен-жайындағы үш қабатты үй сүріліп жатыр.

Ғимаратты бұзу толық рұқсат құжаттарының жоқтығы және эскиздік жобадан айтарлықтай ауытқуларға байланысты жүргізіліп отыр.

Реклама
Реклама

Осыған орай, үйдің иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы талап берілген. Алайда ол талаптарды орындамағандықтан, нысанды бұзу туралы іс Бостандық аудандық сотына жолданған. Кейін Жоғарғы сот бірінші инстанцияның бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін Алматының тау етегінде заңсыз салынған үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілген еді. Бұл жұмыстар барысында жол салу мақсатында тау етегінің аңғарлы бөлігін қиып өту салдарынан экожүйе бұзылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама