Ақмола облысында жол апатынан полицей қаза тапты

Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторының қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болуына байланысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы жөнінде ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Департамент басшылығы мен жеке құрамы қаза болған полицейдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және бұл дерек бойынша жан-жақты әрі объектив тергеу жүргізілетінін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама