Ақмола облысында ірі жол апаты: төрт адам қаза тауып, екі бала ауыр жарақат алды

Скрин видеодан Скрин видеодан

Ақмола облысының полиция департаменті төрт адамның қаза тауып, екі баланың ауыр жарақат алғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының полиция департаменті төрт адамның қаза тауып, екі баланың ауыр жарақат алғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"23 наурызда "Степногорск – Заводской кенті" автожолында "ВАЗ" маркалы жеңіл көлік пен "Yutong" маркалы автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен үш жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Ал екі кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

"Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болу және көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды", – деп атап өтті полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная