Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды

Фото: depositphotos.com

Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2024 жылы жазда Астрахан ауданының тұрғыны мас күйінде әртүрлі елдің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған "Чат рулетка" қолданбасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолданып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.

Сараптама онда ұлтаралық араздықпен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.

Реклама
Реклама

Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді.

Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама