АҚШ КҚК, “Теңізшевройл“ және Қарашығанаққа салынған санкцияларды алды

Фото:depositphotos.com

АҚШ "Роснефть" пен "Лукойлға" қатысты өз санкцияларының әрекетінен Каспий құбыр консорциумы, "Теңізшевройл" және Қарашығанақ кен орнын игеру жобасына қатысты операцияларға қолданбайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған құжатта жазылған. Онда Каспий құбыр консорциумы жобаларына, "Теңізшевройлға" және Қарашығанаққа қатысты "қызметтер көрсетуге және өзге де операцияларға" рұқсат етілетіні атап өтілген.

Сондай-ақ, құжатта "Каспий құбыр консорциумындағы, "Теңізшевройлдағы" немесе Қарашығанақ жобаларындағы үлесті сату, иеліктен шығару немесе беру сияқты кез келген операцияларға рұқсат етілмейтіні" ерекше көрсетілген.

Реклама
Реклама

Скриншот

Еске салайық, 2025 жылғы мамырда АҚШ Қаржы министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жобалары мен "Теңізшевройл" ЖШС-не (ТШО) қатысты мұнай сервистік қызметтер көрсетуге рұқсат берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама