АҚШ-та президент сайлауына республикалық партия атынан ұсынылуы мүмкін кандидат есімі аталды

Фото:depositphotos.com

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында 2028 жылғы президент сайлауында республикалық партия атынан Дональд Трамптың мұрагері ретінде вице-президент Джей Ди Вэнс кандидат болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол бұл шешімді шын ниетімен қабылдайды деп үміттенемін", – деді Рубио.

Ол Вэнспен жақын дос екенін айтып, оның вице-президент ретіндегі қызметін өте жақсы атқарып жүргенін жеткізді.

Реклама
Реклама

"Меніңше, Джей Ди Вэнс тамаша үміткер болар еді. Егер ол өзі қаласа", – деді Рубио.

Бұған дейін, мамырда Дональд Трамп та Джей Ди Вэнсті өзінен кейінгі президенттікке үміткер ретінде қарастыруы мүмкін екенін айтып, оны "керемет жігіт" деп сипаттаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп үшінші мерзімге де түсуі мүмкін екенін жоққа шығармағанымен, мұндай қадам "демократиялық негіздерді бұзады" деп мойындаған. Кейінірек ол АҚШ президенттігіне үшінші мәрте үміткер болу жоспары жоқ екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама