АҚШ-та ядролық бомбаның сынағы сәтті өтті

Sandia National Laboratories

Невададағы Тонопа полигонында B61-12 ядролық бомбасы сынақтардан сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Невададағы Тонопа полигонында B61-12 ядролық бомбасы сынақтардан сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Сынақтар 19–21 тамыз аралығында жүргізілген. Оның барысында F-35 жойғыш ұшағы жауынгерлік жарылғыш заряды жоқ бомбаларды тастаған.

АҚШ Энергетика министрлігіне қарасты Sandia зертханасы ұшу сынақтары ядролық арсеналдың сенімділігін жыл сайын бағалау және ұшу құрамын дайындау шеңберінде өткізілгенін мәлімдеді. Зертхана өкілдерінің айтуынша, 2024 жылдың аяғында АҚШ-та B61-12 бомбаларын қарулану мерзімін тағы 20 жылға ұзартқан.

Реклама
Реклама

Жұма, 14 қарашада Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-та ядролық сынақтарды қайта бастау ниетін растады. БАҚ өкілдерінің "Қашан болады?" деген сұрағына Трамп: "Жақын арада", – деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама