03 қараша 2024 | 12:21

Ақтау әуежайында рейстер кешіктірілді

Фото:depositphotos.com

Әуежай қызметкерлері 3 қазанда түн ортасынан бастап рейстердің ұшып-қонуы кешігіп жатқаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әуежай қызметкерлері 3 қазанда түн ортасынан бастап рейстердің ұшып-қонуы кешігіп жатқаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға түнгі және таңғы көптеген рейстің Ақтау әуежайына уақытында келмей, кесте бойынша ұша алмайтыны хабарланды. Сондай-ақ, әуежайдың онлайн-дисплейінде Атырау, Баку, Ыстамбұл және Астраханнан кемінде төрт рейстің кешігіп жатқаны көрсетілген.

Баку, Алматы және басқа қалаларға бірнеше рейстің ұшуы да кейінге қалдырылды.

Реклама
Реклама

Ақтау халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өкілдері кешігулер Ақтау әуежайындағы ауа райы жағдайына, атап айтқанда тұманға байланысты екенін айтты. Жолаушылар әуе компаниясының кешігуі туралы алдын ала хабарланған.

"Қазір ұшу-қону жолағында көру мүмкіндігі жақсарды. Ұшу және ұшып кету кестеге сай жоспарланған. Кешіктірілген рейстегілерге қызмет көрсетіледі", - деп хабарлады әуежайдан.

Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау халықаралық әуежайында ұшақтардың ұшып көтерілуі және қонуы уақытша тоқтатылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная