ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2023 | 12:41
Ақтау тұрғындары ауызсудың жоқтығын айтып шағымданды
Ақтау тұрғындары ауызсудың жоқтығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Lada" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтау тұрғындары ауызсудың жоқтығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Lada" сайтына сілтеме жасап.
17 шілдеде Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram-арнасына бірнеше аудан тұрғындары ауызсудың жоқтығын айтып шағымданған.
"ҚЖСА" МКК баспасөз қызметі 6А ықшамауданындағы жөндеу жұмыстарына байланысты судың өшірілгенін хабарлады.
"Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6-шы шағынауданда, "Эдем" кафесінің жанында 22-ші, 2-ші шағынауданда - 22-ші, 27-ші, 28-ші, 29-шы үйлерде ауызсу өшіріліп, 1-ші, 8-ші шағынауданда су қысымы төмендеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "АЭжБУ", "Ақтаугаз", "Қазақтелеком" МКК өкілдері шақырылды. Бұдан әрі ауызсу құбырының қандай күйде екені белгілі болады, әзірге шамамен жұмыстар сағат 20:00-ге дейін жүргізілетін болады. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары ертерек аяқталуы керек", - деп хабарлады коммуналдық қызметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ кәсіпорынның баспасөз қызметі қазір 9А, 21, 23, 25, 24 ықшамаудандары мен 14 және 15-ші шағынаудандардың төменгі бөлігі, сондай-ақ "Самал-1" шағынауданына шектеу қойылғанын хабарлады.
Ақтауда ауызсу мәселесі бірінші рет болып тұрған жоқ. Мамыр айында Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов су тапшылығына байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұрап, мәселені қалай да шешетінін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также