Ақтау тұрғындары теңіз бетінде май дақтары мен қоқысты байқады

Видео кадры

Ақтауда тұрғындар теңіз бен жағалау аймағының жағдайына алаңдаулы. Жергілікті халық судың бетінде майлы дақтар мен қалқып жүрген қоқысты байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда тұрғындар теңіз бен жағалау аймағының жағдайына алаңдаулы. Жергілікті халық судың бетінде майлы дақтар мен қалқып жүрген қоқысты байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Редакцияға Ақтау тұрғыны жіберген бейнежазбада теңіз бетінде май дақтарының пайда болғаны, айналада түрлі қоқыстың қалқып жүргені анық көрінеді.

"Біреу әдейі қалдықтарды төккендей. Бұдан 40 минут бұрын су тап-таза еді, қазір тіпті шомылуға болмайды", - дейді Ақтау тұрғыны.

Реклама
Реклама

Қала тұрғындары жағалау аймағындағы экологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын айтып, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрайды.

Редакция бұл бейнежазбаны экология департаментіне жолдап, теңіз бетінде майлы дақтардың пайда болуына не себеп болғанын түсіндіруді сұрады.

Бұған дейін тревел-блогер Адай Мырзатай әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтаудағы жағалаудың 2013 және 2025 жылғы күйін салыстырып, фотолар жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама