ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 желтоқсан 2023 13:11
Ақтауда 30 аққу неден өлгені айтылды
Маңғыстау облысының экология департаменті өкілдері таяуда табылған 30 аққу неден өлгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының экология департаменті өкілдері таяуда табылған 30 аққу неден өлгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, судың іріктелген сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталмады.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өз кезегінде тест өткізді. Нәтижелер оң болды және құс тұмауы вирусы болғаны расталды.
Еске салайық, 27 желтоқсанда Ақтауда Қаракөл маңында 30 сыбырлақ аққу өлі табылған болатын.
Қарақия-Қаракөл табиғи қорығының инспекторлары көлдің жағасында 21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу барысында отыз бас аққу өлі жатқанын анықтаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына баяндалды.
Құстардың неден өлгенін анықтау мақсатында сынамалар алынған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу