Ақтауда балалар жарақат алды: әткеншек уақытша жабылды

Ақтауда балалар жарақат алды: әткеншек уақытша жабылды Ақтау әкімдігі

Ақтауда "Сказка" аттракциондар паркінде екі бала зардап шеккен әткеншек жұмысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда "Сказка" аттракциондар паркінде екі бала зардап шеккен әткеншек жұмысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау әкімдігінің мәліметінше, тексеріс аяқталғанға және барлық анықталған кемшілік жойылғанға дейін аттракцион жұмыс істемейді. Парк әкімшілігі мен қызметкерлеріне аттракционды өзгерту, яғни қоршауларды биік ету және аумаққа көліктердің кіру мүмкіндігін болдырмау тапсырылды.

Бұған дейін қала тұрғындары оқиға болғаннан кейін де аттракционның қалыпты режимде жұмысын жалғастырғанын айтқан еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін карусель іске қосылған сәтте екі бала жарақат алған: олар аттракцион жанында тұрған "Газель" көлігіне соғылған. Бақылаушы аумақтың бос екенін тексермеген.

Осы оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Ғимараттар, құрылыстар немесе көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама