Ақтауда никаб киіп, "қару" ұстаған қыздар жұртты шошытты

Видео кадры

Ақтауда түнде никаб киіп, қару асынып, жұртты шошытқан қыздар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда түнде никаб киіп, қару асынып, жұртты шошытқан қыздар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының назарына никаб киген екі қыздың ойыншық автоматтарымен көшеде жүрген Tik-Тok-тағы видеосы түсті. Олардың жеке басы анықталды.

"Тексеру барысында бұл оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, полицияға жеткізілді. 26 шілдеде сағат 22:30 шамасында Ақтау қаласының 15 жастағы тұрғыны 17 жастағы құрбысымен кездесіп, сосын көңіл көтеру үшін "Ақбота" саябағынан ойыншық автоматтар сатып алған. Видео жасау үшін олар өздерін түсіріп алып, оны Tik Tok әлеуметтік желісіне жүктеген",- деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Қыздардың ата-анасы жауапқа тартылды.

"Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қыздар профилактикалық есепке алынды", - деп хабарлады ведомстводан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама