Ақтауда төбелесті телефонына түсіріп алған мектеп оқушысының ата-анасы жазаланды

Видео кадры

Әлеуметтік желіде Ақтауда екі жасөспірім көшенің қақ ортасында төбелескен видео тарады. Жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Ақтауда екі жасөспірім көшенің қақ ортасында төбелескен видео тарады. Жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 31 қаңтар күні Ақтаудағы 3-шағын ауданда болған. Екі адам төбелескен, тағы біреуі бәрін телефонына түсіріп алған.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі балалардың кім екенін анықтап, ата-аналарын жауапқа тартты.

"Олардың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама