Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында өрт шықты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Таратылған мәліметке сүйенсек, өрт бүгін таңертең болған.

"6 қыркүйекте сағат 08:05-те Caspi Bitum ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шықты. Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Сондай-ақ өртті оқшаулауға "Семсер-Өртсөндіруші" ЖШС және қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі қатысты", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұлттық компанияның мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Анықтама: Caspi Bitum ЖШС - Қазақстандағы жол битумын өндіретін ең ірі зауыт. Мұнай өңдеу кәсіпорны тотығырылған және модификацияланған жол битумын шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама