Ақтаудағы көктайғақ: тұрғындарға ескерту жасалды

Ақтаудағы көктайғақ: тұрғындарға ескерту жасалды Видео кадры

Ақтауда бүгін көктайғақ салдарынан бірнеше жол апаты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда бүгін көктайғақ салдарынан бірнеше жол апаты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау әкімдігі жолдарға көктайғақтың алдын алу үшін құм себу жұмыстарына жүргізілгенін айтты.

"Орталық және шағынауданішілік жолдарда көктайғақтың пайда болуына байланысты коммуналдық қызметтер қауіпті учаскелерге құм сеуіп жатыр. Бұл жұмыстар жаяу жүргінші жолдарын да қамтиды", - деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Реклама
Реклама

Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қозғалыс кезінде сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 27 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап Маңғыстау облысында Жетібай ауылынан Ақтау қаласына дейінгі автожолда барлық көлік түрі үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі. Шектеу ауа райының нашарлауына, соның ішінде ауа температурасының төмендеуіне, жаңбырға және көктайғақтың қалыптасуына байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама