Актер-файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда турнирдегі жеңілісінен соң әдепсіз сөйледі

Фото: instagram.com/erkebulan_toktar/

Қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 44 турниріндегі кештің басты кездесуінде күтпеген жеңіліске ұшырағаннан кейін эмоциясын тыя алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

28 жастағы файтер 21 жастағы ирандық Паям Назаримен кездескен. Екінші раундта ол Еркебұланды алдымен тура соққымен нокдаунға түсіріп, кейін тұншықтыру әдісімен жеңді.

Жекпе-жегінде айламен жеңілген Тоқтар төбелес соңында әдепсіз сөйлеген.
Реклама
Реклама

"Жігіттер, қыздар, қолдауларыңызға рахмет! Мен б.., ММА-ны қоям. Ей, нағыз жұдырықпен төбелесетін бар ма?! Аяққа жабысып...күрес әдісін қолданады. Күрес әдісістерін жаттығуға уақытым жоқ! Менімен жұдырықтасатын адам бар ма? Кез келгенін жеңемін" - деді Тоқтар.

Ол Instagram парақшасында хейтерлерге үндеу жолдап, енді тек жұдырықтасатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама