18 қазан 2024 | 18:22

“Ақтөбе-Астрахань” автожолының реконструкциясы қашан аяқталады?

Фото: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы

Биыл еліміз бойынша 12 мың шақырым тасжолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жыл соңына дейін оның 7 мың шақырымындағы жөндеу жұмыстарды толықтай аяқталуға тиіс.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл еліміз бойынша 12 мың шақырым тасжолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жыл соңына дейін оның 7 мың шақырымындағы жөндеу жұмыстарды толықтай аяқталуға тиіс.

800 шақырымнан асатын халықаралық маңызға ие "Ақтөбе -Астрахань" тасжолы шалғайда жатқан ауыл халқына қуаныш әкелді. Әсіресе Ақтөбе, Атырау облыстарындағы тоғыз ауданының территориясынан өтетін күре жол ауыл халқын қуантты.

Реклама
Реклама

Әрине, ауылдың ажары кіріп, жол мәселесі шешілсе - ең бірінші қуанатын қарапайым халық. Қаншама жылдардан тартқан тұрғындардың бұліске айтары тек алғыс қана.

"Тамды ауылының тұрғынымын. Жолымыз жөнделіп, жақсарып қалды. Бұрын біраз қиналдық. Жол нашар болды. Көлік тез сынатын. Осығандейін бір сағатта жетіп жүрген жолымызға қазір 30 минутта-ақ жетіп барамыз. Осылай жаңа жолдың игілігін халық көріп жатыр. Кәдімгідей жағдайымыз жақсарды. Қала мен ауылдың, ауылмен ауылдың арасы жақындады", - деді жүргізуші Базарбек Әжіғұлов.

Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі жолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды. Оның 25 мың шақырымы республикалық жолдарға тиесілі. 70 мың шақырым жол жергілікті жол. Қазіргі уақытта республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 92 пайыз. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 93 пайызға жеткізу жоспары тұр. Осы секілді жергілікті жолдардың номативтік жағдайы 87 пайыз болса, жыл соңына дейін бұл 89 пайызға көтеріледі.

Ал Ақтөбе облысындағы жолдардың жалпы ұзындығы 6309 шақырымды құрайды. Оның 1869 шақырымы республикалық жолдарға тиесілі. Ал 4440 шақырым жол жергілікті жолдарға жатады.

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" басшылығымен батыс өңіріне іссапарға шыққан министрлік мамандары жасалып жатқан жұмыстарды түсіндірді.

"Ақтөбе-Астрахань" тасжолының реконструкциясы 4 жыл бұрын басталды. Жалпы дәліздің ұзындығы 884 шақырымды құрайды. Оның 732 шақырымы реконструкция жұмыстарымен қамтылды. Қазіргі кезде осы дәліз бойында толықтай жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жыл соңына дейін 96 шақырымды құрайтын "Ақтөбе -Қандыағаш" автожолын пайдалануға береміз. Қазір 277 шақырымды құрайтын "Ақтөбе -Астрахань" жолының реконструкциясы да аяқталуға жақын. Келесі жылы "Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын" жолының 262 шақырымы жалғасады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы жергілікті жолдардың нормативтік көрсеткіш төмен болды. Бірақ соңғы жылдары негізгі күш осы өңірлерге жұмсалды. Жағдай түзеліп келеді, - деді Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті ғылым және жұмыс сапасы басқармасының басшысы Нұртілек Хасенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ұсынды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram