ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2023 | 10:11
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: Юрий Ильин өңірге аттанды
Юрий Ильин Ақтөбе облысындағы су тасқыны орнына аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Юрий Ильин Ақтөбе облысындағы су тасқыны орнына аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жағдайды бағалау, Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыстарды бақылау және үйлестіру үшін Ақтөбе облысына аттанды.
Еске салайық, температураның күрт жоғарылауы және қардың қарқынды еруі салдарынан Қобда және Ойыл аудандарының елді мекендерін су басқан болатын.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 400-ден астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бұрын эвакуацияланған 140 адам өз үйіне оралды, 70-тен астам адам уақытша эвакуациялау пунктінде, 240-тан астам адам туыстарының үйлерінде қалуда. 4 000-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.
Облыстың аталған аудандарында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға, су тасқыны салдарын жоюға Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар, ІІМ және облыстың басқа да мүдделі құрылымдарының жеке құрамынан 900-ге жуық адам, 650 техникасы, соның ішінде су сору құралдары жұмылдырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также