Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

"23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеуге байланысты жария етілмеді, деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама