Ақтөбедегі көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтөбедегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар 44 адам эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбедегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар 44 адам эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды.

Сонымен бірге баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар.

Реклама
Реклама

Өрт сағат 13:47-де сөндірілді. 20 шаршы метр аумақ өртенді.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама