ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2024 | 12:13
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 13, 14 және 15 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 13, 14 және 15 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, республика аумағының көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады.
Оңтүстікті үш күн бойы қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыста 14-15 сәуірде болжанады. Шығыс Қазақстан облысында үш күн бойы, ал Абай облысында 13-14 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндіз батыс, оңтүстік өңірлерде найзағай күтіледі.
"Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также