Алдағы күндері күн суытады

Синоптиктер 3-5 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 3-5 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.

"Көктем жылы және жауын-шашынсыз күн райынан басталды. Бірақ көктемде тұрақсыз ауа райы болғандықтан, алдағы тәуліктерде Қазақстанға ығысатын атмосфералық фронттармен жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Демалыс күндерінде байқалған жоғары температурадан кейін алдағы күндері ауа температурасы төмендейді және нормаға жақын болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, тұман түсетіні айтылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама